Ердоған Катардағы түрік әскерлеріне үн қатты

Президент Ердоған Катардағы ресми байланыстары аясында Катар-Түрік қарулы күштері Құрлық қолбасшылығына барды.

848588
Ердоған Катардағы түрік әскерлеріне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ердоған Катардағы ресми байланыстары аясында Катар-Түрік қарулы күштері Құрлық қолбасшылығын аралады.

Қолбасшылық қызметкерлеріне үн қатқан Ердоған «Баршаңызға мемлекетімнің 80 миллион азаматынан сәлем әкелдім» деді.

Ердоған «Катардағы батырларымыздан қаруыңыз және жүрегіңізбен отан борышын өтеген кезде кім екеніңізді ұмытпай, сүйіспеншілігіңіз және құрметіңізбен Катар халқының көңілінен бір-ақ шығыңыз» деді.

Президент түрік әскері үшін Катардың бөтен ел еместігін атап айтты. Әскерлерге Түркия мен түрік халқының атынан өкілдік жасағандары бұл құтты міндетте табыс тілеген Ердоған «Катарлық достарымызға, сіздерге берген қолдау, жеңілдіктер және келешекте қамтамасыз ететін мүмкіндіктер үшін алғысымды айтамын. Раббым сіздерді әртүрлі апаттан, бәледен, қауіптен қорғасын. Раббым жар болсын» деді.



Ұқсас жаңалықтар