Террорлық ұйымдардың келісіміне Түркиядан наразылық

Түркия террорлық ұйымдардың «лас келісіміне» деген уайымын тілге тиек етті.

847690
Террорлық ұйымдардың келісіміне Түркиядан наразылық

Түркия террорлық ұйымдардың «лас келісіміне» деген уайымын тілге тиек етті.

Сыртқы істер министрлігі террорлық ұйымдар ДАИШ пен PYD/YPG-нің Сирияның Ракка қаласындағы келісіміне байланысты хабарлама жариялады.

Хабарламада: «Террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы болып табылатын   PYD/YPG-нің қол астындағы «Сирия Демократиялық күштерінің” Ракканың террор ұйымы ДАИШ-тен тазалануы операциясы жалғасып жатқанда ДАИШ-пен келісіп, көптеген террористтің Раккадан көшіруінің өте қорқынышты жағдай» екені атап көрсетілді.

Террор ұйымы PYD/YPG-нің Сириядағы мақсатының ДАИШ-қа қарсы күрес емес,  алаңда заңсыз істер жасап,  топырақ басып алу және осы жерлердің демографиялық құрылымын өзгерту екені атап көрсетілген хабарламада былай делінді: «Аталмыш келісім бір террор ұйымымен күрес басқа бір террорлық ұйыммен жүргізілгенде, осы террорлық ұйымдардың ақыр аяғында бірбірімен ынтымақтасққа өтетіні туралы шындықтың айқын мысалы болды. ДАИШ-пен күрес халықаралық коалициясы мен АҚШ Қорғаныс министрлігі лауазым иелерінің осы тақырыпты теріске шығармауына, керісінше осы келісімге «құрметпен қарауына» алаңдаймыз»



Ұқсас жаңалықтар