Түркия зілзала аймағына жәрдем жібереді

Премьер-министр Түркияның Ирактағы зілзаладан зардап шеккен бауырларын жалғыз қалдырмайтынын атап көрсетті.

846089
Түркия зілзала аймағына жәрдем жібереді

Бинали Йылдырым Түркияның барлық жағдайды жасап Ирактағы зілзаладан зардап шеккен бауырларын жалғыз қалдырмайтынын атап көрсетті.

Йылдырым жазбаша мәлімдемеде Түркияның Солтүстік Иракта орталығы Сүлейманийе болған зілзаланың қайғысын шын жүрегімен сезінгенін, апаттың алғашқы кезінен бастап бауырларының қасында болу үшін қозғалғанын атап көрсетті.

Премьер-министр «Ирак халқының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Түркия іске кірісті» деді.

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ болса Түркияның іздеу құтқару жұмыстарына қоса үйінділерді тазалау, жаралылардың емделуі және гуманитарлық жәрдем үшін дереу қозғалғанын білдірді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Түркияның ирактықтарға жәрдем үшін дайын екендерін мәлімдеді.

Министр Чавушоғлу әлеуметтік медиа есебінен жазған мәлімдемесінде «Түркия зілзаладан зардап шеккен ирактықтарға гуманитарлық жәрдем және іздеу құтқару тобы жіберу үшін дайын тұрады. Ирактық бауырларымыз үшін дұға етеміз» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын болса Ирактағы 7,2 балл күшіндегі зілзала себепті Апат және төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD), Түрік қызыл жарты ай қоғамы және басқа топтардың іздеу құтқару жұмыстары, дәрі-дәрмек, көрпе-төсек, гуманитарлық жәрдемдер үшін қозғалғанын атап көрсетті.

Бас Штаб Басқармасының жәрдем ұшағының да Сүлейманийеге жіберілетіні білдірілді.

Түрік Қарулы Күштері ұшақпен дәрі-дермек, денсаулық сақтау материалдары және 250 үлкен шатыр да жібереді. Ұшақта 20 адамдық денсаулық тобы да дайын күтеді.



Ұқсас жаңалықтар