ПКК-дан табылған АҚШ қарулары Мэттиске көрсетілді

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаниклидің Брюссельде АҚШ Қорғаныс министрімен оңаша кездесті.

844421
ПКК-дан табылған АҚШ қарулары Мэттиске көрсетілді

Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның АҚШ өндірген қарулармен Түркияда жасаған террор әрекеттерінің құжаттары АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске көрсетілді.

Бельгияның бас қаласы Брюссельде жалғасқан НАТО Қорғаныс министрлері жиналысында Түркия атынан өкілдік жасаған Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаниклидің Джеймс Мэттиспен кездесуінің мазмұны ортаға шықты.

Сол кездесуде 2 қараша күні ПКК тарапынан жасалған және 9 қауіпсіздік қызметкері шәйіт болған Шемдинлидегі террор шабуылының артынан ұйымға бағытталған операцияда қолға түскен АҚШ-та өндірілген қарулардың құжаттары Мэттиске көрсетілді.

АҚШ-тың PYD/YPG террор ұйымына берген қарулардың ПКК-лық террористтеріне жасалған операцияларда қолға түсуіне наразылық білдірген Джаникли «Бұдан былай террор ұйымы YPG-ге қару жәрдемінің заңдылығын айтуға болмайды» деді.

Джаникли террор операцияларындағы шығындарды да жариялады. Осыған қарағанда 11 айдың ішінде 2 мың 304 террористтің жойылды.



Ұқсас жаңалықтар