"Террорлық лагерьлерді жермен-жексен қыламыз"

Президент Манисада сөз сөйледі.

840360
"Террорлық лагерьлерді жермен-жексен қыламыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирак пен Сирияда анықталған террорлық ұйым лагерьлерінің барлығын жермен-жексен қылатындарын айтты.

Ердоған Маниса қаласында топтық беташар жиынына қатысып,  кеше Хаккариде шейіт болған әскерлерді еске алды. Президент аймақтағы операцияларда 55 террористтің өлтірілгенін де айтты.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның терроризммен күресте алмаған соққысын осыдан кейін алатынын білдірген Ердоған: «мына ұйымның артына мына ел бар екен,  ана ұйымның артында ана ел бар екен,  бұлар бізді мазаламайды.  Ешбір заңды ел өз әскерін террористпен тең санамайды.  Біз үшін террористтердің қасында барша террорист деп саналады.  Бүгінге дейін бізді одақтаспыз, серіктеспіз деп алдап келгендерге айтарымыз осы.  Біз Ирак пен Сирияда анықталатын барлық террорлық лагерьлерді жермен-жексен қыламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар