Террормен күрес операциялары үздіксіз жалғасуда

Ел көлемінде соңғы 1 аптада жүргізілген террормен күрес операцияларында 19 террорист өлтірілді.

836909
Террормен күрес операциялары үздіксіз жалғасуда

Операциялар барысында 22 террорист тірі қолға түссе, 13 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігі ел көлемінде соңғы бір аптадағы операциялар жайлы ақпарат бөлісті.

Осыған қарағанда операцияларда Муш, Битлис, Диярбакыр, Эрзинджан, Тунджели және Хаккариде көптеген баспана мен үңгір жойылды. Аталмыш баспана мен үңгірлерде террористтердің қысқы дайындығы аясында 2 тонна азық-түлік материалы жойылды.

Операцияларда көптеген қару жарақ пен оқ-дәрі қолға түсті.

Ұйымның қаржы саласына да үлкен соққы енгізілді. Операцияларда көптеген есірткі материалы, заңсыз темекі және жанармай кепілдікке алынды.

Операцияларда 532-сі теңізде жалпы 4 мың 822 заңсыз мигрант ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар