"Терроризммен жаһандық деңгейде күресуіміз керек"

Сыртқы істер министрі «TRT World Forum» аясында ұйымдастырылған «Арнайы отырыс» панеліне қатысты.

830814
"Терроризммен жаһандық деңгейде күресуіміз керек"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу терроризммен жаһандық деңгейде күресу керектігін атап көрсетті.

Чавушоғлу «TRT World Forum» аясында жүзеге асқан «Арнайы отырыс» панеліне қатысып, баяндама жасады.

Әлемнің әртүрлі елдерінде терроризммен күрес жүргізілгенін атап айтқан Чавушоғлу «Бүкіл әлемде 65 миллионнан астам адам баспанасынан айырылған, 25 миллионнан астам адам да босқынға айналған. Осыған қоса 10 миллион адам отансыз болса, 10 мыңнан астам із-түссіз жоғалған сириялық бала бар» деді.

Еуроодақтың босқындар тақырыбында берген уәделерін орындамағанын еске салған Мевлүт Чавушоғлу босқындарға бағытталған интеграциялық жұмыстарды жылдамдату керектігін атап, аталмыш құрлықта артып отырған Исламофобия қаупіне назар аударды.

Чавушоғлу терроризммен жаһандық деңгейде күресуіміз керектігін меңзеп, «Бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG көптеген жәрдем алуда. Әсіресе Америка Құрама Штаттарынан» деді.



Ұқсас жаңалықтар