Нью-Йоркта мешіт салынады
Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өмір сүретін түріктер мешіт салады.
Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өмір сүретін түріктер мешіт салады.
Түріктер қаржыландыратын мешіт пен білім орталығының іргетасы қаланды.
АҚШ-та тұратын түріктер құрған Америка Мұсылмандар одағы тарапынан салынатын Сүлейманиев мешіті мен білім орталығының іргетасын қалау салтанатына Түркияның Нью-Йорктағы бас консулы Ертан Ялчын ғ түрік қоғамының өкілдері қатысты.
Осы жобаға қаржылай көмек жинау мақсатымен ұйымдастырылған көрмеде дөнер, баклава және бөрек секілді түрік асханасының дәмді тағамдары сатылды. Америка Мұсылмандары Одағы жоба үшін қажетті 2 миллион 500 мың долларды жинау үшін «Сен де бір кірпіш қой» деп аталатын акция бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.