Төрт әскер шейіт болды

Шабуылды жасаған террористтер үшін операция басталды.

820001
Төрт әскер шейіт болды

Хаккаридің Юксекова ауданында әскери көлік өтіп бара жатқанда террористтер шабуыл жасап, шабуылда 4 әскер шейіт болды.  4 әскер жарақат алды.

Юксековаға қарасты Есендере жерінде террорлық ұйым PKK террористтері жолға көмілген жарылғышты әскери көлік өтіп бара жатқанда жарды.

Жарылыстан кейін жаралы әскерлер ауруханаға жеткізілді.  Шабуылды жасаған террористтер үшін операция басталды.

Премьер-министр Бинали Йылдырым шабуылға байланысты Хаккари әкімі Жүнейт Орхан Топрактан мәлімет алды. 

Осы арада жарылысқа байланысты Түрік Қарулы күштері хабарлама жариялады. Хабарламада барлық террор ұйымдарымен күрестің ең соңғы террорист жойылғанға  дейін жалғастырылатыны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар