Шериф Мардин дүниеден өтті

Социолог және саясаттанушы Проф. Шериф Мардин бүгін жерленеді.

802631
Шериф Мардин дүниеден өтті

Социолог және саясаттанушы Проф. Шериф Мардин (90) дүниеден өтті.

Стамбулда қайтыс болған ғалым бүгін Йеникөй мешітінде бесін намазынан кейін қылынатын жаназа намазынан кейін жерленеді.

Мардин 1927 жылы Стамбулда өмірге келді.  Галатасарай лицейінде басталған білімін АҚШ-та аяқтады.  Станфорд Университеті Саясаттану кафедрасын бітіргеннен кейін, Джон Хопкинс Университетінде магистратура оқыды. 1954 жылы Саяси ғылымдар факультетіне оқытушы болған Мардин докторантурасын Станфорд Университетінде тамамдады. 1964 жылы доцент,  1969 жылы профессор атағын алды.

 Анкара Университетінде 13 жыл оқытушылық міндетін атқарғаннан кейін Бұғазіші Университетінде жұмыс істеді. Артынан 13 жыл Вашингтонда Ислам зерттеулері орталығын басқарды.  Түркияға келіп,  Сабанджы Университетінде қызмет атқарды.



Ұқсас жаңалықтар