Басшылар Жеңіс күні мерекесіне орай құттықтау жариялады

Мемлекет басшылары Жеңіс күнінің 95 жылдығына орай құттықтау жариялады.

798512
Басшылар Жеңіс күні мерекесіне орай құттықтау жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаиль Кахраман, Бас Штаб Басқармасы төрағасы Хулуси Акар, оппозиция басшылары және министрлер Жеңіс күнінің 95 жылдығына орай құттықтау жариялады.

ТҰҰМ төрағасы Исмаил Кахраман құттықтауында «Ұлтымыз тарихтан бері басқыншылық пен жаулау әрекеттеріне қарсы үлкен бір ынтымақтастық рухымен, жас-қария, әйел-еркек деместен жаппай күресіп, отаршыл күштердің Анадолыдағы мақсаттарына рұқсат бермейтінін баршаға дәлелдеді» деді.

Кахраман бүгін де жұмыстарын жалғастырған кезеңнің отаршыл күштері тарапынан халыққа тігілген кебіннің абыройлы күрес арқасында жыртылып, тарихтың қоқысына тасталғанын атап, «Ұлт азаттық соғыста қол жеткізген жеңістердің соңғысы 1922 жылы 30 тамыз күнгі Бас қолбасшы Майдан соғысы болып табылады. Осылайша тарихымыздың ‘Жеңістер айы’ атауына лайық деп табылған үлкен жеңіспен әлемдегі барлық бейшара ұлттарының соңғы қорғаны және үміті Анадолының дұшпанның егемендігіне өтуінің алды алынды» деді.

Вице-премьер Бекир Боздағ болса әлеуметтік желі арқылы жариялаған құттықтауында «30 тамыз бүкіл әлемге Анадолының түріктердің отаны екенін және мәңгі жасайтынын тағы бір рет түсіндірген бір күн» деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли де 30 тамыз жеңіс күні мерекесінің 95-ші жылдығына орай жариялаған құттықтауында «Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды нысанаға алғандарға қарсы күресіміз, бірдей дәстүр және тұрақтылықпен жалғасады» деді.

Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал лейтенант Хулуси Акар болса «Түрік қарулы күштері отан топырағынан террорды толығымен жойғанша, жазықсыз адамдарға зиян келтірмей күресін және табысын табандылықпен жалғастырады» деді.

Ұлтшыл қозғалық партиясы басшысы Девлет Бахчели болса Жеңіс күні мерекесін «1922 жылы 30 тамыз күні «құрыды» деп есептелген ұлтазаттық Күні сәулесінің отанның көк аспанында қайта шығып, қайта жылтыраған күні» деп бағалады.

Республикашыл халық партиясы төрағасы Кемал Кылычтароғлу жариялаған құттықтауында «Қасиетті ұлтымыз ‘Не еркіндік, не болмаса өлім’ деген ұранмен нысанасына қол жеткізген, бұл жердің тұрғындарының ешқашан тізе бүкпейтінін барлық әлемге көрсеткен» деді.



Ұқсас жаңалықтар