Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған Жерорта теңізіне ашылатын бір террор коридорына рұқсат бермейтінін айтты.

794846
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Ердоған Жерорта теңізіне ашылатын бір террор коридорына рұқсат бермейтінін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде Жерорта теңізіне ашылатын бір террор коридорына рұқсат бермейтінін айтты.

Біркүндік іссапармен дүйсенбі күні Иорданияға барған Президент Ердоған ұшақта күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Ердоған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның аймақтағы жалғасы PYD-ның бақылауында болған Афринда Түркияны жақтайтын күрдтер де бар екенін білдіріп, бұл жерде террордың үстем болуына рұқсат бермейтінін айтты.

Ирак аймақтық күрд әкімшілігінің 25 қыркүйекте ұйымдастыруды жоспарлаған тәуелсіздік референдумға байланысты бір сұраққа орай Ердоған «Мен Ұлттық барлау ұйымы төрағасы орынбасарын жібердім. Әрі Бағдатқа, әрі Эрбильге барып кездесу өткізді. Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ сәрсенбі сол жерлерге барады. Мұндай референдумді көптеген дамыған ел оң қарамайды. Түркия болып біз де оң қарамаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар