Түркия көңіл айтты

Президент Ердоған Испания королі Филипп VI-ға көңіл айтты.

792210
Түркия көңіл айтты

Түркия Испаниядағы террор лаңкестігін айыптады.

Сыртқы істер министрлігі «Террор қатігез бейнесін одақтас Испанияда көрсетті» деп басталған хабарламасында қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтып,  сабыр және жаралыларға шипа тіледі.

Президент Ердоған Испания королі Филипп VI-ға көңіл айтып, оқиғада көптеген жазықсыз адамның қайтыс болғанына және жарақат алғанына қиналғанын білдірді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да хабарлама жариялап: «Дос Испания халқының қайғысын бөлісемін. Қаза тапқандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын,  жаралыларға шипа тілеймін» деді.

Террор Испанияға 2004 жылы да соққы беріп, бас қала Мадридте үш пойызды нысанаға алған жарылыстарда 131 адам қаза тапқан болатын.

Оқиға сол кезде елдің Баск аймағы халқының тәуелсіздігі үшін күрескен ETA-ның ең қанды лаңкестігі ретінде тарихқа жазылды.

Ұйым 43 жылдық күрестен кейін 2011 жылы қару тастады.



Ұқсас жаңалықтар