Бір әскер шейіт болды

Қақтығыста жараланып,  ауруханаға жеткізілген әскер шейіт болды.

792392
Бір әскер шейіт болды

Хатайдың Искендерун ауданында бөлшектеуші террор ұйымы PKK террористтері мен қауіпсіздік күштері арасында шыққан қақтығыста бір әскер жараланып,  ауруханада шейіт болды.

Аманос таулары маңында террор ұйымдарын тойтаруға бағытталған операцияда террористтермен арада ыстық шайқас болды.

Қақтығыста жараланып,  Искендерун мемлекеттік ауруханасына жеткізілген әскер шейіт болды.

Сонымен қатар Түрік Қарулы күштері соңғы бір аптада жүргізілген операцияларда 58 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді. Штаб-пәтердің деректеріне қарағанда,  Шырнак Като тауы,  Хаккари Юксековадағы операцияларда 8 баспана мен үңгір жойылды.

Операцияларда 7 әскер шейіт болды. 12 әскер жарақат алды.

Сииртте залалсыздандырылған үш террористтің Байкан ауданы әкімі Мехмет Коджабейге шабуыл жасаған террористтер екені анықталды.

Тунджелиде де берілмеген екі террорист өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар