Қорғаныс министрі күн тәртібін бағалады

ТРТ Хабер арнасында күн тәртібін бағалаған Фикри Ышык Афринге операция жасалуы мүмкін екенін атап көрсетті.

764448
Қорғаныс министрі күн тәртібін бағалады

Ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ышык Түркияның бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің бақылауындағы Афринге операция жасалуы мүмкін екенін білдірді.

ТРТ Хабер арнасында күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарған Фикри Ышык Африн егер үздіксіз бір қауіпке айналатын болса, сол кезде Түркияның шара қолдану тақырыбында табанды екенін атап көрсетті.

Ышык сол сияқты Мүнбичтен де Түркияға қарсы қауіп төнген жағдайда, сол жерде де операция жасалатынын білдірді.

Түркия мен Ресей арасында жалғасқан S-400 зымыраны келіссөздеріне де тоқалған Фикри Ышык «Ресеймен техникалық жұмыстарымыз аяқталды. Нақты шешім сатысына жеттік. Қаржыландыру әдісі жайлы жұмыстар жалғасуда. Алдағы уақытта белгілі бір шешімге келеміз» деді.

Фикри Ышык АҚШ-пен де ынтымақтасу тақырыбын талқылағандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар