Ибрахим Калын күн тәртібін бағалады

Ибрахим Калын 15 шілде күні демократия күніне президенттің қатысатынын атап айтты.

763623
Ибрахим Калын күн тәртібін бағалады

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын 15 шілде күні демократия күні іс-шараларының басталатынын және президент Режеп Тайып Ердоғанның да қатысатынын атап айтты.

Калын Стамбұл Трабиядағы президенттік сарайда ұйымдастырған баспасөз жиналысында күн тәртібімен байланысты мәлімдеме жасады.

15 шілде күнгі еске алу бағдарламасына қатысты сөйлеген Калын «15 шілде күнгі оқиғалардың жылдығында Стамбұл мен Анкарада ескерткіштер ашылады. Президенттің шақыруымен сол күні түнде демократия күні іс-шаралары басталады. Президент Ердоған бұл шараларға қатысады. Еске алу бағдарламалары 11-16 шілде аралығында өткізіледі. 4-5 күннің ішінде президентіміз қатысатын көптеген бағдарлама бар. 15 шілде күнгі іс-шаралармен байланысты интернет парақшалары ашылады» деді.

Астана процесінің табысты болуы үшін Түркияның талпынғанын атап көрсеткен Калын «Ең маңызды сатылардың бірі Сирияда қақтығыссыз аймақтарды құру және жол картасы белгілеу. Кеше орыс министр де президентімізге ақпарат бөлісті. Астанада бұл тақырыптар ертең мен арғы күні егжей-тегжейлі қолға алынады. Астанадағы техникалық келіссөздердің артынан 8 шілде күні Путинмен әңгімелесу болады» деді.

Президенттің баспасөз хатшысы  Калын Африн немесе басқа бір аймақтан кезкелген бір террор қаупіне қарсы Түркияның еселеп қарсылық берілетінін атап көрсетті.

Калын Катар дағдарысында алдағы бірнеше күннің маңызды екенін атап, «Президент Ердоғанның Катар тақырыбындағы байланыстары жалғасады. Катардағы түрік әскери базасы ешқандай аймақтағы басқа елдерге қауіп төндірмейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар