15 шілде күнгі шәйіттер еске алынады

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Махир Үнал бағдарлама жайлы мәлімдеді.

764237
15 шілде күнгі шәйіттер еске алынады

Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің бірінші жылдығы іс-шаралары 11 шілде күні басталады.

Тақырыпты мәлімдемені Әділет және даму партиясы төраға орынбасары және партия мәлімдемешісі Махир Үнал жасады.

Үнал «15 шілде күнгі демократия және ұлттық бірлік күніне» орай ұйымдастырылатын еске алу бағдарламасына қатысты партиясының бас ғимаратында баспасөз жиналысы өткізді.

11 шілде күні 81 қалада іс-шаралардың басталатынын білдірген Үнал 15 шілде түні президент Режеп Тайып Ердоған да бар Демократия күзетуіне қатысатынын мәлімдеді.

Өткен жылы 15 шілде күні түнде баршаның бірігіп еш қандай жікшілдік жасамай көшелерге шыққанын еске салған Үнал «Сол түні Шәйіттер көпірінде боламыз, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде боламыз. Көтерілістің символы ретінде барлық жерлерде боламыз. Бізден кейінгі ұрпақтарға бұл дәстүрді жеткізу үшін сол күні түнде ұйықтамаймыз. Көшеде демократия іздемейміз, батырларымызды еске аламыз» деді.

Үнал «Бақылаулы төңкеріс», «табыссыз аяқталған төңкеріс» сияқты сөйлемдер арқылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін біреулердің бөлшектеуіне, көлеңке түсіруіне рұқсат етпейміз» деді.

Үнал іс-шаралар күн тізбесінің 7 шілде күнінен кейін егжей-тегжейлі жарияланатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар