Соңғы бір аптаның ішінде 60 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері тарапынан соңғы бір аптаның ішінде жүргізілген операцияларда 60 террорист өлтірілді.

761815
Соңғы бір аптаның ішінде 60 террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқарамасы апталық брифингінде 22-29 маусым күндерінде Шырнак Бейтүшшебап, Бестлер-Дерелер, Джуди тауы, Хаккари Юксекова мен Чукурджа, Диярбакыр Лидже, Бингөл Генч, Элазығ Арыджак және Сиирт Первари аймақтарында операциялардың жалғасқаны атап көрсетілді.

Аталмыш операцияларда ұйымның басшылық кадрында орын алған Ботан Херекол майданы Херекол майдан жауаптысы иран текті Синан Рожхилат лақапты Бехнам Садики жаралы ұсталса, 60 террорист өлтірілді.

Операцияларда террористтер тарапынан қолданылған 8 баспана мен қоймаға қоса, қолдан жасалған 17 бомба жойылды. Көптеген оқ-дәрі қолға түсті.

Операциялар кезінде мың шақты қарасора өсімдігі түбірі мен 47 мың 600 заңсыз темекі тәркіленді.

Шекаралық бақылау мен күзету жұмыстары кезінде де заңсыз түрде шекарадан өтуге әрекет жасаған 4 мың 247 шетелдік ұсталды.

Соңғы бір аптадағы операцияларда 9 әскер шәйіт болды, 8 әскер жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар