Террормен күресу табанды түрде жалғасады

Йылдырым «Сол түні халықтың күші танктің күшін жеңді» деді.

759545
Террормен күресу табанды түрде жалғасады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекет құрылымының 15 шілдедегі опасыз төңкеріс әрекеті барысында халықтың үкіметті аударушыларға соққы бергенін білдірді.

Бинали Йылдырым Эрзинжанның Фефахие ауданындағы мұғалім үйінде ұйымдастырылған ораза айт бағдарламасында сөз сөйледі.

Йылдырым «Сол түні халықтың күші танктің күшін жеңді» деді.

Бинали Йылдырым опасыз төңкеріс әрекетінің жылдығына жақындағанына назар аударып, төңкеріс әрекетін жасағандарға түрік халқының сазайын тартатынын айтты.  

Йылдырым сонымен қатар қауіпсіздік күштерінің мемлекеттің түкпір-түкпірінде тоқтаусыз күрес жүргізгенін білдірді.

Премьер-министр Йылдырым мемлекет территориясында жалғыз бір террор оқиғасы қалмағанға дейін күресті жалғастыратынын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар