Ердоған Анкарада ауызашарда сөз сөйледі

Ердоған «Батырлық көрсеткен ұлтым үшім мақтанамын» деді.

752103
Ердоған Анкарада ауызашарда сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған анкаралықтардың Фетуллахшы террор ұйымы параллелді мемлекет құрылымының 15 шілде күнгі қанды төңкеріс әрекетіне қарсы батырлық көрсеткенін айтты.

Ердоған Әділет және даму партиясы Анкара провинциясы басқармасының ауызашарында сөз сөйледі.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін тоқтатқан анкаралықтардың батырлық еңбегін мадақтаған Ердоған «Төңкеріс күні түнде халқымыз көшеге шығып, танктерді тосты. Халқымыз бомбалауға қарсы күрес жүргізді. Батырлық көрсеткен ұлтым үшім мақтанамын. Бір тарапта иманды ұлтым бар, енді бір тарапта иманын жоғалтқан шабуылшылар» деген сөздер қолданды.

Ердоған сол күні түнде Анкарадан  90 азамат,  56 полиция, 3 әскер болып, жиыны 149 адамның шәйіт және 1222 адамның жарақат алғанын баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар