Германия қалай қаласы солай істесін

Йылдырым Германияның Инжирлик базасынан шегіну шешіміне орай «Қалай қаласа солай істесін» деді.

746828
Германия қалай қаласы солай істесін

Премьер-министр, әділет және даму партиясының өкілетті төрағасы Бинали Йылдырым Германияның Инжирлик әуе базасынан шегіну шешіміне орай байланысты «Қалай қаласа солай істесін» деді.

Партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топтық жиналысында баяндама жасаған Йылдырым күн тәртіптегі мәселелерді түсіндірді.

Неміс депутаттарының Инжирлик әуе базасындағы неміс әскерін зиярат етуіне рұқсат бермеуіне орай Берлин әкімшілігінің «базадан шегіну» шешімін жасауына Премьер-министр наразылық көрсетті.

Бұл әрекетке Йылдырым «қалай қаласа солай істесін» деген сөздер арқылы тойтарыс берді.

7 елдің Катармен дипломатиялық байланысын тоқтату  шешіміне де  тоқталған Бинали Йылдырым осы оқиғаға қайғырғанын айтты.

Премьер-министр «Қасиетті рамазан айында диалогты дамыту үшін Түркия белсенді рөлін жалғастырады. Мемлекеттер арасы қарым-қатынастар негізсіз хабарлар себепті бұзылмауы керек» деген сөздер қолданды.

Премьер-министр Америка Құрама Штаттарының Сирияның Ракка қаласын террор ұйымы ДАИШ-тің қолынан құтқару үшін бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы жалғасы YPG-мен бірге бастаған операцияларын қадағалап отырғанын да атап өтті. 



Ұқсас жаңалықтар