Террор ұйымына соққы

Операцияларда бөлшектеуші террор ұйымының 16 содыры ықпалсыз жағдайға келтірілді.

734135
Террор ұйымына соққы

Ирактың солтүстігі мен Хаккариде анықталған террорлық нысандар операцияда жойылды. Нысандар дәлдікпен атылған операцияларда бөлшектеуші террор ұйымының 16 содыры ықпалсыз жағдайға келтірілді.

Шекара тысындағы террорлық топтардан шекара желісіндегі бөлімше мен базаларға шабуыл жасалатыны жөніндегі ақпарға орай Түрік Әуе күштерінің бомбалаушы ұшақтары қозғалысқа өтті. 

Ирактың солтүстігінде Зап және Метина аймағында барлау және бақылау көліктерімен террорлық нысандар анықталды. Аймаққа бомбалаушы ұшақтар мен қарулы пилотсыз ұшу аппараттары жіберілді.

Аймақтағы үнгір,  баспана және ауыр қару бекіністері атқыланды.  Алғашқы анықтамаларға қарағанда 11 террорист өлтірілді.

Басқа бір әуе операциясы Хаккаридің Огул ауылына ұйымдастырылды.  Шабуыл жасауға дайындалып жатқан бес террорист өлтірілді.

Террор ұйымына құрлық операциялары арқылы да соққы енгізілуде. Като және Инджебел тауларындағы операциялардың басталғанына бір ай болды.  Бір террорист қаруымен бірге берілді.

Әскерлер тағы 10 үңгір тапты.  Үңгірлерде түрлі қару-жарақ табылды. Бір үңгірде болса екі террористтің денесі табылды.

Мардиннің Мидят ауданындағы операцияда болса PKK мен Фетуллахшы террор ұйымының ынтымақтастығы тағы бір рет ортаға шықты. Бір үйдегі тінтуде террор ұйымы PKK-ның кітаптары мен Фетуллахшы террор ұйымының кітаптары табылды.

Оқиғаға байланысты бір адам тұтқындалды.



Ұқсас жаңалықтар