Түркия Иранмен араға дуал салады

Иран үкіметі Түркияның Иранмен араға салатын дуал жобасына қарсы еместігін мәлімдеді.

732441
Түркия Иранмен араға дуал салады

Иран сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Бехрам Касыми Тегеранда ұйымдастырған ортақ баспасөз жиналысында Түркияның Иранмен араға салуды жоспарлаған дуалмен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

Касыми «Біз екі ел арасындағы шекараны одан қауіпсіз қылатын әртүрлі бастамаға ризамыз» деді.

Түрік мекемелерінің өздеріне тақырыппен байланысты ақпарат бөліскенін атап көрсеткен Касыми Түркияның дуалды өз шекарасынан ішке салынатынын атап көрсетті.

Касыми аталмыш жобамен байланысты одан ауқымды келіссөз жүргізуді үміт еткендерін атап, «Бәрі бір шекараның қауіпсіздігі әрі біз, әрі түріктер үшін маңызды бір тақырып, екі ел бұл мақсатпен қажетті қадамдарды басу керек» деді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык өткен апта жасаған мәлімдемеде шекараға дуал құрылысының Иранға қарсы бір ұстаным емес, аймақ халқы мен шекара қауіпсіздігін қорғау үшін басылған бір қадам екенін мәлімдеген болатын.

144 шақырымдық дуалдың құрылыс жұмыстары үшін тендер аяқталды. Құрылыс жұмыстары қазан айында басталмақ.



Ұқсас жаңалықтар