Ел көлемінде ПКК-лық 38 террорист өлтірілді

Операция барысында 38 террорист өлтірілсе, 3 адам тірі ұсталды және 11 террорист берілді.

732394
Ел көлемінде ПКК-лық 38 террорист өлтірілді

Ел көлемінде 8-15 мамыр күндері арасында ұйымдастырылған террор операцияларында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-лық 38 террорист өлтірілді.

Операция барысында террористтердің 38-і өлтіріліп, 3 адам тірі ұсталды және 11 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ұйымға жәрдем жасап қамқоршылық жасағаны алға тартылған 118, ДАИШ террор ұйымымен байланысты екені алға тартылған 2, Фетуллахшы террор ұйымымен күрес аясында мың 767, солшыл террор ұйымдарымен байланысы бар екені алға тартылған 4 күдікті тергеуге алынды.

Битлис, Диярбакыр, Мардин, Эрзурум, Кахраманмараш, Шырнак, Сиирт және Бингөлде террор ұйымы қолданған 49 баспана мен үңгірді жойып, сондай-ақ тұзақталған және қолдан жасалған 50 жарылғыш пен мина тапты.

Қауіпсіздік күштері 2 тонна 71 грамм жарылғыш материалы, 60 граната, 153 ауыр және ұзақ атымды барлығы 170 қару мен 132 мың 297 әртүрлі оқ-дәрі қолға түсірді.



Ұқсас жаңалықтар