Йылдырым Лондонға барады

Премьер-министр Сомали конференциясына қатысады.

728752
Йылдырым Лондонға барады

Премьер-министр Бинали Йылдырым 10-12 мамыр күндері Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда өтетін Сомали тақырыпты жоғары деңгейдегі конференцияға қатысады.

Сомали билігі мен Түркияны да қосқанда халықаралық серіктердің қатысуымен ұйымдастырылатын конференцияда 2017-2020 жылдарды қамтитын жаңа кезеңде Сомали билігінен күтілетіндер, халықаралық қоғамның Сомалиге берген уәделері қаралып,  болашаққа бағытталған шешімдер қабылданады.

Премьер-министр Лондонда екі жақты кездесулер өткізеді. Баспасөз өкілдері және бизнес әлемінің өкілдерімен бас қосады.



Ұқсас жаңалықтар