Соңғы 1 аптадағы операцияларда 78 террорист өлтірілді

Бас Штаб Басқармасы ел көлемі мен шекрадан тыс жүргізілген операциялар жайлы мәлімдеме жасады.

726732
Соңғы 1 аптадағы операцияларда 78 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштерінің соңғы бір аптадағы террор операцияларында араларында Іздеу салынған террористтер тізімінде орын алған Фырат Беркпынар да бар 78 террорист өлтірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған апталық мәлімдемеде ел көлемінде бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға қарсы жүргізілген күрес пен Сирияның солтүстігіндегі жүргізілген операциялар жайлы мағлұмат берілді.

Осыған қарағанда шекара бақылау жұмыстары нәтижесінде шекарадан заңсыз түрде өтуге әрекет жасаған 6 мың 647 адам қолға түсті.

Соңғы бір аптадағы операциялар кезінде 1 әскер шәйіт болды, 21 әскер жарақат алды.

Сирияның солтүстігіндегі шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, террор ұйымы ДАИШ-тің қауіп пен шабуылдарының алдын алу, елді мекендеріне оралғандарға жәрдем беру, жазықсыз азаматтарды қорғап, террор оқиғаларынан зардап шегулерінің алдын алу мақсатты жасалған операциялар да жалғасуда.

Түрік қарулы күштері қолдау берген Еркін Сирия армиясы Әзез-Жераблус арасындағы 243 тұрғын жері мен 2 мың 15 шақырым текшеметрлік алаңды бақылауда ұстауда.

Баб аудан орталығы, Каббасин және Бзагах аймақтарында жарылғыш пен мина іздеу және тазалау жұмыстары да жалғасуда.

Террор ұйымы ПКК/PYD топтарының Африннен шығысқа, Мүнбичтен батысқа қарай жасалуы ықтимал шабуылдарын доғару үшін қабылданған шаралар іске қосылуда.



Ұқсас жаңалықтар