АҚШ-та өмір сүрген түріктер митинг жасады

Нью-Йорктегі кейбір түрік қоғамдары "1915 жылғы армян қауесеттеріне" наразылық үшін шеруге шықты.

723481
АҚШ-та өмір сүрген түріктер митинг жасады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы кейбір түрік азаматтық қоғамдары «Армян қауесеттерін теріске шығару және шәйіт дипломаттарды еске алу митингі» ұйымдастырды.

Түрік Американ қоғамы федерациясы (TADF) басшылығында биыл 13-ші рет ұйымдастырылған митингке түрік қоғамдарына қоса түркітілдес ел мен қауымдастықтардың қоғамдары да қолдау берді.

Митингте армяндардың 1915 жылғы оқиғалармен байланысты қауесеттері теріске шығарылып, бұл мәселенің келіссөзбен қолға алыну керектігі атап көрсетілді.

Армяндар 1915 жылғы оқиғалардың жылдығы ретінде қабылдаған 24 сәуір күні Түркия Вашингтон өкілеттігі алдында жиналған түрік қоғамы армян қауесеттерін протест еткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар