10 мың 100 террорист өлтірілді

Қорғаныс министрі терроризммен күресті баяндады.

720923
10 мың 100 террорист өлтірілді

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык түрік қауіпсіздік күштерінің табысты операциялары арқасында террористік ұйым PKK-ның Түркияда лаңкестік жасай алмайтын жағдайға келгенін айтты.

Ышык 2016 жылдың 23 шілде күнінен бері 10 мың 100 террористтің өлтірілгенін білдірді.  Ышык Түркияның 35 жылдық терроризммен күрес тарихында ең табысты кезеңде екенін айтты.

«Осы табыста соңғы кезде қамдалған мықты координация ықпалды болды.  Енді осы күресті әскер, полиция, барлау қызметі координация арқылы жүргізуде. Координациямен жұмыс істеудің жемісін ала бастадық.  Қазір террор ұйымы Түркияда лаңкестік жасай алмайтын жағдайға келді. Тек жасай алатындары қолдан жасалған жарылғыш пен мина жару ғана,  күрес табандылықпен жалғасады» деді министр.



Ұқсас жаңалықтар