Хаккари мен Шырнакта 16 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері Хаккари мен Шырнак ауылдық аймағындағы террористтерге әуе операциясы жасады.

707189
Хаккари мен Шырнакта 16 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері Хаккари мен Шырнак ауылдық аймағындағы террор нысаналарына әуе операциясы жасады. Операция барысында 16 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда 23-ші Жандармерия шекара түмен қолбасшылығы тарапынан Шырнактағы Габар тауы аймағында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ға қарсы бастаған операция жалғасуда.

Террористтер жолға орналастырған жарылғыштың салдарынан шәйіт болған 3 әскердің артынан ауқымды түрде басталған қатардағы шәйіт әскер Байрам Кардаш операциясында әскерлерді шәйіт еткен ұйым мүшелері шабуыл жасалған аймақтың 2 шақырым солтүстік шығысындағы Бағлараркасы аумағында анықталды.

Пилотсыз ұшақтар тарапынан анықталған террорист топқа Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтары операция жасады. Операцияда 8 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Хаккаридің Чукурджа ауылдық аймағында болса әскери базаға шабуылға дайындалғаны анықталған 8 террорист соғыс ұшақтарының әуе шабуылында өлтірілді.

Соғыс ұшақтарының кешегі әуе операцияларымен Ирактың солтүстігіндегі Авашин-Басиян, Кандил және Зап аймақтарындағы террор ұйымының қарулы бекіністеріне қоса, баспана мен үңгірлерін жойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар