Йылдырым журналисттің сұрақтарына жауап берді

Бинали Йылдырым ТРТ экранында Ерхан Челиктің сұрақтарына жауап берді.

705490
Йылдырым журналисттің сұрақтарына жауап берді

Премьер-министр Бинали Йылдырым 16 сәуір күні өткізілетін президенттік басқару жүйесі де қамтылған атазаң өзгерісі референдумінде болымды дауыс шыққа жағдайда процестің болашағына байланысты көзқарастарын білдірді.

Йылдырым атазаң өзгерісінің референдумда қабылданған жағдайда ерте жалпы халықтық сайлаудың болмайтынын тағы бір мәрте атап өтті.

Премьер-министр Бинали Йылдырым ТРТ экранында Ерхан Челиктің сұрақтарына жауап берді.

16 сәуір күні өткізілетін атазаң өзгерісі референдуміне тоқталған Йылдырым өзгерістің мазмұнын қысқаша баяндады.

Түркия мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастарға да тоқталған Йылдырым референдумнен кейін Еуропа Одағымен отырып келісетіндерін айтты.

Фетуллахшы террор ұйымы параллел мемлекеттік жүйесі FETÖ-нің 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін тағы да төңкеріс болу пайымдаулары да премьер-министрінен сұралды.

Ақпаратта шыққан хабарлардың қасақана екенін білдірген Йылдырым «Өсек-аяң таратуда. Ұлтымыз алаңдамасын, біз қадағалаудамыз» деді.

Керкүкте болған байрақ дағдарысы да Йылдырымның күн тәртібінде еді.

Йылдырым бұл оқиғаның қабылдауға болмайтынын және Керкүктің мәртебесінің өзгермейтінін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар