Басшылар Наурыз мерекесімен құттықтады

Көктемнің келгенін, табиғаттың оянуын сүйіншілейтін Наурыз тойы басталды.

695541
Басшылар Наурыз мерекесімен құттықтады

Көктемнің келгенін, табиғаттың оянуын сүйіншілейтін Наурыз тойы басталды.

Жаңа жылдың басы ретінде күндіз бен түн теңелетін 21 Наурыз күні Шығыс Түркістаннан Балқанға дейін ауқымды кеңістікте тойланады.

Наурызға байланысты президент Режеп Тайып Ердоған, Түркия мәжілісі төрағасы Исмаил Каһраман және премьер-министр Бинали Йылдырым құттықтау жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған дүние жүзінің қайғылы күндерде екенін білдіріп: «Наурыздың «қайтадан тірілу» рухына берік болуымыз керек» деді.

Президент  Наурыз мерекесіне байланысты құттықтау жариялады.

Ердоған құттықтауында Наурыздың ауқымды кеңістікте бауырластық пен достықтың мерекесі екенін еске салып,  өңір мен әлем бейбітшілігі үшін тұрақтылық әкелуін тіледі.

Президент Ердоған сондай-ақ демократия, құқық,  еркіндік, кішіпейілдік сынды ұғымдарды осы құндылықтарды жүйеге келтіргендер аяққа таптаған қайғылы күндер өткізіп отырғандарына назар аударды. «Өркениет және мәдениет қойнауымызды қиратуға тырысқандарға қарсы күресте өз тарихымыз бен дәстүрімізден келетін күш-қуатпен жеңіске жетеміз» деді ол.

Түрік президент әлемдегі барша езілген халықтар үшін құтты болашақтың символы болатын Наурыз алауының Анадолыдан бастау алатынын атап көрсетті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Каһраман да Наурыз мерекесінің сүйіспеншілік, бейбітшілік және кішіпейілдіктің кең тарауына септігін тигізуін тіледі. «Осындай күндердің қақтығыс және келіспеушілік емес,  бауырластық пен достық сезімдерімен көмектесу,  ұйымшылдық және өзара түсіністікке жол ашуын тілеймін» деді ол.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да қатал қыстан кейін келген көктем үшін «шүкір» және жылдың берекетті болуы үшін «дұға» тілектерімен өтетін Наурыз мерекесінің ғасырлардан бері бауырластық және достық сезімдерін нығайта түсетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар