Йылдырым Ибадимен телефон арқылы сөйлесті

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ирак премьер-министрі Хайдар эл-Ибадимен телефон арқылы сөйлесті.

691529
Йылдырым Ибадимен телефон арқылы сөйлесті

Премьер-министр Бинали Йылдырым Ирак премьер-министрі Хайдар эл-Ибадимен телефон арқылы сөйлесті.

Премьер-министрлік баспасөз орталығынан жасалған мәліметке қарағанда кездесуде қауіпсіздік, экономика, екі жақты қарым-қатынастардың күшейтілуі және аймақтық тақырыптар қолға алынды.

Кездесуде Йылдырым мен Ибади террормен күресуде ынтымақтастықтың арттырылуы жөніндегі ортақ ынта мен жігерін тағы бір рет қайталады. Башика лагері туралы диалогтың жалғасатынына тоқталды.

Түркияның ДАИШ-пен күресу халықаралық коалиция ішіндегі күшті ынтымақтастық пен үлестерінің жалғасатынын білдірген Йылдырым террор ұйымдарымен күресу тақырыбында Түркияның тұғырын Ибадиге түсіндірді.

 Ирак премьер-министрі Ибади де екі ел арасындағы қарым-қатынастардың күшейтілуіне көңіл бөлгендерін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар