Президенттен Африка елдеріне қолдау

Президент Ердоған Шығыс Африка елдерінде 23 миллион адамның аштықтың қыспағында болуына үнсіз қала алмады.

688114
Президенттен Африка елдеріне қолдау

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығыс Африка елдерінде 23 миллион адамның аштықтың қыспағында болуына үнсіз қала алмады.

Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай коғамының аймақ үшін акциясына әлеуметтік желі арқылы қолдау білдірді.

Түрік тілі, ағылшын және араб тілдерінде твид жазған президент Ердоған құрғақшылыққа байланысты аштықпен арпалысқан осы елдердің көмек шақыруына үнсіз қалмайтындарын айтты.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының «Шығыс Африкаға үміт бол» атты акциясы аясында барлық GSM операторларынан SMS жазып, 10 түрік лирасы бағыш беруге болады.

БҰҰ деректеріне қарағанда Шығыс Африка елдерінде 23 миллион адам аштықпен арпалысуда.

Сомали, Оңтүстік Судан,  Эфиопия, Кения, Джибути, Судан, Уганда және Бурунди сынды елдерде шамамен 23 миллион адам азық-түлікке мұқтаж.



Ұқсас жаңалықтар