"Өлтірілген террорист саны 9 мың 600-ден асты"

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык бір телеарнаның сұрақтарына жауап қайтарды.

687819
"Өлтірілген террорист саны 9 мың 600-ден асты"

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Германияның кейбір түрік министрлердің жиналыстарын кейінге қалдыру шешімін «сөз еркіндігіне салынған тыйым» деп бағалады.

Еуропада қойылған тыйым шешімдеріне тоқталған Фикри Ышык мұны қайшылық және сөз еркіндігіне тыйым ретінде бағалады.

Фикри Ышык «Сіз Түркияда сөз еркіндігін сынға алып отырасыз. Бірақ 3 миллион азаматымыз өмір сүрген және көпшілігі дауыс беру құқығына ие адамдардың ақпарат алу еркіндігіне тыйым саласыз» деп Германияға наразылық көрсетті.

Фикри Ышык Анталияда Түркия, АҚШ және Ресей Бас Штаб Басқармасы төрағаларының 3 күннен бері жалғасқан жиналысына назар аударды.

Сириядан бастап, аймақтық тақырыптардың қолға алынғанын атап көрсеткен Ұлттық Қорғаныс министрі одақтастарының Түркияға террор ұйымы ПКК-ның Сириядағы тармағы PYD-нің Евфрат өзенінің шығысына шегінуге уәде бергенін атап айтты.

Ышык «Түркия үшін бұл стратегиялық желі. Мүнбичте PYD-нің болмысын ешқандай қабылдамаймыз» деді.

Түркияның 35 жылдық террормен күрес тарихында ең табыстықысқы операциясын жалғастырғанын атап көрсеткен министр Ышык соңғы операциялармен байланысты мәлімет берді.

Ышык «Соңғы мағлұматтарға қарағанда өлтірілген террорист саны 9 мың 600-ден асты. Бұл террормен күрес тарихында ПКК-ға енгізілген ең ауыр соққы» деді және операциялардың үздіксіз жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар