Шетелдік келін саны артты

Шетелдік келін санында бірінші орынды Сириялық келіндер алды.

685534
Шетелдік келін саны артты

Түркияда шетелдік күйеу бала саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,9 пайыз артты. Шетелдік келін саны болса 20 пайыз артып,  22 мың 583 болды.

Өткен жылы шетелдік келін санында бірінші орынды Сириялық келіндер алды. Сириялық келіндер саны 6 мың 495 болды.

Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда азаматтық соғыс және қақтығыстар болып жатқан Сириядан келген босқындарға қақпасын ашқан Түркияда шетелдік келін санында Сириялықтар алға шықты.

Ел көлемінде үйлену саны өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,4 пайыз азайды.  Өткен жылы қиылған неке саны – 594 мың 493. Бірақ шетелдіктермен үйлену саны артты.

Шетелдік күйеу бала саны 5,9 пайыз артты.  Түркияда өткен жылы 3 мың 777 шетелдік күйеу бала болды. Сол кезеңде шетелдік келін саны 20 пайыз арты. Басқаша айтқанда түрік ер адамдар шетелдік әйелдерді таңдады.

Шетелдік күйеу балалардың ішінде ең көбі – немістер.  Олар барлық шетелдік күйеу бала санының үштен бірін қалыптастырды.  Кезегімен Сирия, Австрия, Ұлыбритания және Әзірбайжан келеді.

Шетелдік келіндер болса кезегімен Сирия, Германия,  Әзірбайжан, Ресей және Украинадан келді.

Жаңа деректерге қарағанда Әзірбайжандық келін саны артып, Германия, Ресей және Украинадан келген келіндер саны азайды.



Ұқсас жаңалықтар