Зейбекчи Германияда түрік азаматтарымен кездесті

Нихат Зейбекчи кеше Германияның Кельн қаласында түрік азаматтарыммен бас қосты.

685098
Зейбекчи Германияда түрік азаматтарымен кездесті

Экономика министрі Нихат Зейбекчи кеше Германияның Кельн қаласында түрік азаматтарыммен бас қосты.

Іс-шараға түрік азаматтарымен қатар неміс тілшілері де қатысты.

Түрік азаматтарымен әңгімелесіп, суретке түскен министр Зейбекчи бұл жерде түрік азаматтарына президенттік басқару жүйесін түсіндірді.

Зейбекчи 1 миллионнан астам түрік сайлаушы болған осы елде түрік азаматтарына үндеу тастаудың табиғи жағдай екенін білдірді.

Осы құқықты қолдануларына рұқсат берген Германияға алғыс айтқан министр Зейбекчи дос және бауырлас Германияда түрік азаматтарымен бас қосудың өті қуанышты бір жағдай екенін айтты.

Нихет Зейбекчи президенттік басқару жүйесі референдумының  сәтті өтетініне сенгенін баяндады.

Зейбекчи мейлі экономика болсын, мейлі саясат және террор оқиғалары болсын барлық қиыншылықтың қазіргі жүйеден туындағанына назар аударды.

Министр Зейбекчи референдумның бір саяси сайлау емес екенін де атап өтті.

 Зейбекчи «Берілетін дауыстардың Әділет және даму партиясы немесе Режеп Тайып Ердоған үшін емес, Түркияның болашағы үшін» деді.  

 



Ұқсас жаңалықтар