Министр алғыс айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Әл-Бабтың ДАИШ-тен тазалануы операциясын табыспен аяқтаған Түрік Қарулы күштеріне алғыс айтты.

680416
Министр алғыс айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Сирияда Әл-Бабтың ДАИШ-тен тазалануы операциясын табыспен аяқтаған Түрік Қарулы күштеріне алғыс айтты.

Фикри Ышык Коджаели Гүмүшханелилер қорының жиналысында Түркияны бөлуге тырысқандарға қарсы күрес жүргізгендерін еске салып,  тап қазір Түркияның шамамен 35 жылдық терроризммен күрес тарихында PKK-ға ауыр соққы енгізгенін айтты.

Министр қыс маусымдарының операциясы жүргізуге кедергі болмағанын,  екі метр қарда да қауіпсіздік күштерінің операция жасағанын атап көрсетті. «Бір жақта аймақта бірінің қолшоқпары болған күштерге қарсы табанды күрес жүргізесіз.  Бір жақтан да еліміздің сыртынан бағытталған терроризмді жою үшін шекара тысында операциялар жүргізудеміз.  24 тамызда басталған «Евфрат қалқаны» операциясы – осы табандылықтың нақты көрсеткіші.  ДАИШ-тің Түркияға қарсы лаңкестіктері алдында елімізді ел ішінде қорғау емес, Түркияға қатер төндірген барлық жерде ДАИШ-тің басын езу және осы аймақтан толығымен тазалау үшін осы операцияны бастадық» деді ол.

Джераблус, Раи және Дабыктың да ДАИШ-тен тазаланғанын,  осы жерлердің сенімді өңір болғанын еске салған министр енді террорлық ұйымнан тазаланған жерлерде бейбіт халық өмір сүретін инфрақұрылым жұмыстарының атқарылып жатқанын білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрі: «Әл-Баб операциясын үлкен табыспен аяқтаған Түрік Қарулы күштерінің барлық жасақтарына ұлтымыз атынан алғыс айтамын.  Олар үлкен қаһармандық көрсетті.  Көп пида қорлық жасады. Аймақтан ДАИШ сынды ең қанды террор ұйымдарының бірін тазалады» деді.



Ұқсас жаңалықтар