Түркия бөлінбейді

Премьер-министр бас редакторлармен жиналыс өткізді.

678071
Түркия бөлінбейді

Премьер-министр Бинали Йылдырым 16 сәуір күні өтетін атазаң өзгерісі референдумынан болымды нәтиже шықса да,  болымсыз нәтиже шықса да,  Түркияның бөлінбейтінін айтты.

Йылдырым Чанкая сарайында газет, теледидар, хабар порталы және ақпарат агенттіктерінің бас редакторларымен жиналыс өткізді.

Премьер-министр референдумға байланысты: «Сауалнамаларға қарамаймын. 16 сәуір күні барлығымыз нәтижені көреміз» деді.

Референдумның нәтижесі не болса да баршаның міндетін жалғастыратынын айтқан Йылдырым: «Түркияның барлық түрлілігі біз үшін бірдей. 80 миллион адамға құшақ жаямыз дегендегі сөзіміздің шетінде қалатын тек террор ұйымдары» деді.

Фетуллахшы террор ұйымы басшысы Фетуллах Гүленнің Америка Құрама Штаттарынан қайтарылуына байланысты бір сұраққа да премьер-министр: «Біз соттағымыз келеді. Бірақ қолданылатын әкімшілік шаралар да бар.  Біз қайтарылуын қалаймыз» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар