Бинали Йылдырым Мальтаға барды

Премьер-министрі Бинали Йылдырым Мальтаға барды.

674253
Бинали Йылдырым Мальтаға барды

Бинали Йылдырым Мальта премьер-министрі Джозеф Мускаттың шақыруымен Мальтаға сапарлай барды.

Ел астанасы Валлетта әуежайында Йылдырымды Мальта Қатынас министрі Жозе Мицци, Түркияның Валлетта өкілетті елшісі Реха Кескинтепе және басқа лауазымдар қарсы алды.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның сапарына жұбайы Семиха Йлдырым, Отбасы және әлеуметтік саясат министрі Фатма Бетул Саян Кая, Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик, Экономика министрі Нихат Зейбекчи, Спорт министрі Акиф Чагатай, Білім беру министрі Исмет Йылмаз жәнеи Денсаулық сақтау министрі Режеп Акдағ та серік болды.

Бинали Йылдырым Мальта премьер-министрі Джозеф Мускатпен кездеседі және Мальта Президенті Мари-Луиз Колейро Прека тарапынан қабылданады.

Кездесулерде Мальтаның Еуропа Одағы кезекті төрағасы барысында Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары, аймақтық және халықаралық тақырыптардың қолға алынуы күтілуде.

Сапар аясында Йылдырым бизнес форумына да қатысады.

 



Ұқсас жаңалықтар