Президент Катардағы байланыстарын аяқтады

Сирия және Ирак сынды аймақтық тақырыптар кездесулерде салмақты орын алды.

673194
Президент Катардағы байланыстарын аяқтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Шығанақ елдеріне ұйымдастырған ресми сапарының үшінші аялдамасы – Катарда.

Бас қала Дохада Катар Энергия және өнеркәсіп министрі Мұхаммед әл Сада және Катардың Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Салим Мүбарек әл Сафи, Түркияның Дохадағы өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Демирок тарапынан қарсы алынған президент Катардың бұрынғы әмірі Шейх Хамад Бин Халифе Ал Санимен кездесті.

Президент бүгін Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл Сани тарапынан ресми рәсіммен қарсы алынды.  Рәсімнен кейін оңаша және делегация аралық кездесулер өткізілді.

Соңғы екі жылда Түркия мен Катар арасында түрлі салада 30-дан астам келісімге қол қойылды. 

Осы сапарда болса әсіресе әскери салада ынтымақтастық,  қорғаныс өнеркәсібі және инвестициялардың арттырылуы сынды стратегиялық тақырыптар алға шықты.

Айрықша Сирия және Ирак сынды аймақтық тақырыптар да кездесулерде салмақты орын алды.

Сапар Катар әмірінің президент Ердоғанның құрметіне берілген қонағасысымен аяқталды.

Президент Катардан аттанып кетті.



Ұқсас жаңалықтар