ДАИШ мүшесі 17 террорист өлтірілді

Операцияда террор ұйымы ДАИШ мүшесі 17 террорист өлтірілді.

672874
ДАИШ мүшесі 17 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда. Операцияда террор ұйымы ДАИШ мүшесі 17 террорист өлтірілді.

Түрік Қарулы Күштері тарапынан жасалған мәліметтерге қарағанда Евфрат қалқаны операциясының 176-ші күнінде  ДАИШ-ке тиесілі  224 нысан бомбаланды.

Операция барысында ДАИШ-ке тиесілі 194 нысан күйретілді. Түрік соғыс ұшақтары 30 нысанды жойды.

Ерекше жасақтар тобы құрлықтан және әуеден  жәрдем көрсетуінің нәтижесінде Эль-Баб негізінен бақылау астына алынды.

Осы барыста ДАИШ бомбалы көліктермен шабуыл ұйымдастырды. Шабуылында Еркін Сирия армиясы мүшесі 7 сарбаз шәйіт болды.

 



Ұқсас жаңалықтар