Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Брюссельге барады

Фикри Ышык ертең НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысады.

672073
Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык Брюссельге барады

Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык ертең НАТО Қорғаныс министрлері жиналысына қатысу үшін Бельгияның Брюссель қаласына барады.

Ышык Брюссельде бір қатар екі жақты кездесулер жоспарлауда.

НАТО Тұрақты өкілдігінен брифинг алатын Ышык алдымен Испания Қорғаныс министрі Мария Долорес Коспедал Гарсиямен басқосады.

Артынан Италия Қорғаныс министрі Роберта Пиноттимен басқосып, Ышык НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының бірінші отырысына қатысады және жиналыс аясында естелік фотосуретке түседі.

Министр Ышык артынан Ұлыбритания Қорғаныс министрі Майкл Фэллон, Франция Қорғаныс министрі Джан-Ив Ле Дриан және АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Маттиспен басқосады.

Фикри Ышык кешкі уақытта НАТО штабында жұмыс асыға қатысады.

Ышык НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының бейсенбі күні жасалатын үшінші отырысына қатысқан соң Грузия Қорғаныс министрі Леван Изориамен басқосады.

Ышык НАТО Грузия комиссиясы мен ДАИШ-пен күрес коалициясы қорғаныс министрлері жиналысына да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар