ДАИШ мүшесі 30 террорист өлтірілді

ДАИШ-ке тиесілі 51 нысанға әуе операция жасалды.

670909
ДАИШ мүшесі 30 террорист өлтірілді

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясы жалғасуда.

Түрік Қарулы Күштері террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған Сирияның Эль-Баб қаласында жалғасқан Евфрат қалқаны операциясында террористтер тарапынан қолданылған көптеген туннель күйретілді

Туннельдердің күйретілуімен әрекет алаңы азайған террор ұйымы ДАИШ-тің үлкен зиян көргені білдірілуде.

Осы барыста Евфрат қалқаны операциясының 174-ші күнінде террор ұйымы ДАИШ мүшесі 30 террорист өлтірілді.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде Сирияның солтүстігінде ДАИШ-ке тиесілі 143 нысанның қоршауға алынғаны баяндалды.

Түрік соғыс ұшақтары тарапынан да ДАИШ-ке тиесілі 51 нысанға әуе операция жасалды.

Террористтер қолданған баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды.



Ұқсас жаңалықтар