Эль-Баб аймағында үш түрік әскері шәйіт болды

Эль-Баб аймағында 3 әскер шәйіт болды, біреуі ауыр  11 әскер жарақат алды.

669354
Эль-Баб аймағында үш түрік әскері шәйіт болды

Түрік Қарулы Күштері орыс ұшақтарының Эль-Баб аймағындағы түрік әскерлері болған бір ғимаратты бомбалауы кесірінен 3 әскердің шәйіт болғанын, біреуі ауыр  11 әскердің де жарақат алғанын жариялады.

Осы тақырыпқа байланысты Бас штаб басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеде  кеше сағат 08:40 маңында Ресей Федерациясына тиесілі бір соғыс ұшағы тарапынан ДАИШ нысанына әуе операциясы жасауы барысында Түрік Қарулы Күштерінің әскерлері болған бір ғимаратқа бомба түскені, сондай-ақ  бомбалаудың кесірінен  3 әскердің шәйіт болғаны, біреуі ауыр  11 әскердің де жарақат алғаны білдірілді.  

Жарақат алған әскерлердің дереу ауруханаға апарылғаны баяндалған мәлімдемеде «Ресей Федерациясы лауазымдары аталмыш оқиғаның бір оқыс екенін білдіріп, көңіл айтты. Оқиғамен байланысты тексеру жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге оқиғамен байланысты Ресей Президенті Владимир Путин Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанға қайғырғанын жеткізіп, көңіл айтты» деген сөздерге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар