Евфрат операциясы барысында 2 әскер шәйіт болды

Операция барысында ДАИШ террор ұйымының 254 нысанасы жойылды, 58 террорист өлтірілді.

667905
Евфрат операциясы барысында 2 әскер шәйіт болды

Түрік қарулы күштері басшылығында Сирияның Әл-Баб аймағындағы қақтығыстарда 2 әскер шәйіт болды, 15 әскерде жеңіл жарақат алды.

Операция барысында ДАИШ террор ұйымының 254 нысанасы жойылды, 58 террорист өлтірілді.

Аймақта стратегиялық маңызға ие төбелер Түрік қарулы күштерінің қолдауымен Еркін Сирия Армиясының бақылауына өтті.

Операцияның 169-шы күнінде Бас Штаб Басқармасы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда Құрлық күштері қолбасшылығы құрамындағы гаубица және басқа атқылау жасақтары тарапынан 189 ДАИШ нысанасы жойылды.

Түрік соғыс ұшақтары 65 нысанаға жасаған әуе операциясында баспана ретінде қолданылған 58 ғимарат, 1 штаб пәтер, 3 туннель кірісі, 2 бақылау бекінісі және 1 қарулы көлікті жойды.

Коалиция күштерінің әуе операцияларында болса баспана ретінде қолданылған 10 ғимарат, 1 туннель кірісі, 1 қорғаныс бекінісі және 1 сауытты көлік бомбаланды.

Әл-Бабты толығымен бақылауға алу үшін операциялар үздіксіз жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар