Айважыкта 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Чанаккаленің Айважык ауданында 5,3 балдық жер сілкінісі болды.

666630
Айважыкта 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Чанаккаленің Айважык ауданында 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкіністе 5 адам жеңіл жарақат алды, 12 ауылда 300 үй құлады және көптеген үй зақым көрді.

 Айважык ауданында біріншісі таңғы сағат 06,50-де, екіншісі  сағат 13,58-де 5,3 балдық жер сілкінісі болды.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы мен Апат және төтенше жағдай топтары аймақта жәрдем жұмыстарын бастады.

Чанаккале провинциясында дағдарыс орталығы құрылды.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык  Апат және төтенше жағдай мен Түрік Қызыл жарты ай қоғамы тобының ұйымдастыруында түрлі жәрдем жасалатынын айтты.

        

 



Ұқсас жаңалықтар