Йылдырым Ангела Меркельмен кездесті

Премьер-министр Бинали Йылдырым Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті.

664370
Йылдырым Ангела Меркельмен кездесті

Премьер-министр Бинали Йылдырым бір күндік іссапармен Анкараға келген Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті.

Кездесуден кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында премьер-министр Йылдырым Германия премьер-министрімен қауіпсіздік және экономика болып, екі ел қарым-қатынастарын қолға алғандарын білдірді.

Бинали Йылдырым «Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік жүйесі және барлық террор ұйымдарымен күресуде Германияның қолдауына мұқтажымыз бар» деді.

Йылдырым «Террор тек Германия мен Түркияның ғана мәселесі емес, барша әлемнің басты мәселесі болып табылады. Барлық террор ұйымдарын аймақтан тазалау баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз» деген сөздер қолданды.

Германия премьер-министрі Ангела Меркель де Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін аралаған кезде ФЕТӨ-нің тигізген зияндарын өз көзімен көргенін білдірді.

«Түркияның ауыр жүктің астында екенін білеміз» деген Меркель Германияда ПКК-ның террор ұйымы ретінде қабылдағанын айтты. Меркель «Террормен күресуде ынтымақтастығымыз жалғасады. Түркиямен біргеміз және Түркияны қолдаймыз» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар