Сирияның солтүстігінде ДАИШ-тің 186 нысанасы жойылды

Операцияда 14 террорист өлтірілді.

663224
Сирияның солтүстігінде ДАИШ-тің 186 нысанасы жойылды

Сирияның солтүстігін террор ұйымдарынан тазалау үшін 24 тамыз күні Түркияның басшылығында басталған Евфрат қалқаны операциясының 162-ші күнінде ДАИШ-тің 186 нысанасы жойылды. Операцияда 14 террорист өлтірілді.

Нысана анықтау құралдары арқылы анықталған нысандарға құрлық пен әуеден операция жасалды.

Әуе күштері қолбасшылығының соғыс ұшақтары Әл-Баб, Бзагах аймақтарында анықталған 23 нысананы жойды.

Жойылған нысаналар арасында 21 ғимарат, 1 штаб пәтер және 1 бомба тиелген көлік бар.



Ұқсас жаңалықтар