Түркияның халық саны артты

Түркия Статистика мекемесі «Адреске қарай тұрғын санағы жүйесі 2016 қорытындыларын» жариялады.

662388
Түркияның халық саны артты

Түркияның халық саны 79 миллион 814 мың 871 болды.

Түркия Статистика мекемесі «Адреске қарай тұрғын санағы жүйесі 2016 қорытындыларын» жариялады.

Осыған қарағанда 2015 жылы 78 миллион 741 мың 53 болған халық саны 1 миллион 73 мың 818 адам артқан.

Ер адамдар барлық халық санының 50,2, әйел адамдардың саны 49,8 пайызын құрайды.

Халық санының жылдық арту жылдамдығы 2015 жылы мыңнан 13,4 болса,  2016 жылы мыңнан 13,5 болды.

2015 жылы  халықтың 92,1 пайызы, ал 2016 жылы 92,3 пайызы  қала және аудандарда тұрған.

Ауылдық жерлерде халықтың 7,7 пайызы өмір сүреді.



Ұқсас жаңалықтар