Йылдырым Димитрий Медведевті құттықтады

Бинали Йылдырым қайтадан партия төрағасы болып сайланған Медведевті құттықтады.

659453
Йылдырым Димитрий Медведевті құттықтады

Премьер-министр Бинали Йылдырым Біріккен Ресей партиясының төрағалығына қайтадан сайланған Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевті құттықтады.

Премьер-министрлік қайнар көздерінен алынған мағлұмат бойынша Йылдырым 22 қаңтар күні өткізілген Біріккен Ресей партиясы құрылтайында тағы бір рет төраға болып сайланған Медведевке жедел хат жолдап, оның төраға болуымен құттықтады.

Жалғыз үміткер болып сайлауға қатысқан және төраға болып сайланған Медведев құрылтайда жалпы партия мүшелеріне дауыс бергендеріне орай алғыс айтты.

2012 жылы төрағалық тағына отырған Медведев тағы 5 жыл партияның басында болады. 



Ұқсас жаңалықтар